Жаңалықтар

Жоспар бойынша 5-інші сыныптар аралығында «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

Онкүндік аясында мектеп кітапханасында "Мейірімге толы жүрекпен" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандары Сара Алпысқызының өмір жолымен, шығармашылық туындылары мен кітаптар әлеміне саяхат жасады.

13 ақпан күні 11- сынып жетекшісі Э.Шаңғалиева "Менің мамандығым- менің болашағым" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.

2019 жылы 8 ақпан күні 9-11 сынып қыз балаларымен «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу.

2019 жылдың 4 ақпан күні «Қыз баланың күтімі» тақырыбында дәрігерлермен кездесу өтті. Аталған шараға денсаулық мектебінің дәрігері Есқалиева Жанар Әбілқызы, акушер-гинеколог дәрігер Ыбыраева Тоғжан Ыбырайқызы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мед ембикесі Жәрдем Айымгүл Жәрдемқызы Тоғжан Ыбырайқызы «Қыз баланың күтімі, ерте жүктіліктің алдын алу, жалпы жеке бас гигиенасы» атты баяндама оқып, қыз балалардың әр түрлі сұрақтарына жауап Денсаулық мектебінің дәрігері қызылша сырқаты туралы түсінік беріп, одан сақтанудың жолдарын айтып Жәрдем Айымгүл Жәрдемқызы "Қатерлі ісікке қарсымыз!" атты онкүндіктің басталғаны туралы айтып, шаралармен таныстырды және «Қатерлі ісіктің алдын алу» тақырыбында баяндама жасады.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Көктем" қазақ орта мектебінде "Orator.kz" дебат клубының кезекті ойыны өткізілді. Тақырыбы: "Əлеуметтік желі: пайдасы мен зияны". Қатысушы "Үкімет" жəне "Оппозиция" тобы тақырып аясында ойларын ортаға салып, өз пікірлерін қорғап шықты.

2019 жылдың 4 ақпан күні «Екпенің маңыздылығы және екпеден бас тартудың қауіптілігі» атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп директоры О.Дилмукашева ашып, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ақмарал Қосымбаева ата- аналарға профилактикалық екпенің жұқпалы сырқаттардың алдын алудағы маңыздылығы және екпеден бас тартудың қауіптілігі туралы айтты.