13 ақпан күні 11- сынып жетекшісі Э.Шаңғалиева "Менің мамандығым- менің болашағым" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.


Та
қырыбы: Менің мамандығым - менің болашағым

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардыңәдістерітуралыбілімдерін, түсініктерінкеңейтеотырып, мамандықтарғадегенынта-ықыласын, қызығушылықтарынарттыру.
Өткізуформасы: дөңгелекүстел
Қатысушылар: 11- сыныпоқушылары


Психологиялық тренинг:
Сәлемдесу ойыны ойналады.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Менің мамандығым-менің болашағым», яғни сабағымыз мамандық, олардың түрлері, оларды қателеспей таңдау жайында болмақ. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық - дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.

Мамандық дегеніміз не?

Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

«Жасырылған мамандықты тап!» жаттығуы

Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 — топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербалды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.

 

Менің таңдаған мамандығым !

Оқушылар өздерінің таңдаған мамандықтары туралы пікірлерін білдіреді.

  1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
    2. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
    3. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
    4. Бұл заман талабына сай ма?
    5. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
    6. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?

 

Мұғалім мамандығы-Аружан және Жаннұр

Дәрігер мамандығы- Диана,  Арайлым

Психолог мамандығы- Аяжан

Дифектолог-Айару

Аудармашы- Арай

Инженер-Манас, Ернар т.б

Видеоролик

Ой қозғау:

- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

 

Мамандық таңдауда адамның шоқжұлдыз сипаттамасын да ескерген абзал әрбір шоқжұлдыздарына сипаттама беру

Қорытынды

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі сабақ  сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Еңбастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікт іқажет ететін нәрсе» десек,  егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

 

Хаттама

Күні:13.02.19ж

Қатынасқаны-12

Қатынаспағаны-2

Тақырыбы:Менің мамандығым - менің болашағым

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Өткізу формасы: дөңгелек үстел


Нәтиже

Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Оқушыларға тренинг ұйымдастырылып, бейне материал арқылы мамандық түрлерін көрсете отырып,таңдап отырған мамандығына  тоқталып, сұранысқа ие мамандықтар туралы мағлұмат берілді.