«Көктем» қазақ орта мектебі КММ
Педагогтердің бос лауазымына тағайындау үшін конкурс !!!
Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы Білім беру бөлімінің «Көктем» қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы: (индексі -060200) Атырау облысы, Индер ауданы,
Индербор поселкесі, Жәрдем Кенжетаев көшесі, 2-үй,
анықтама үшін телефон номері: (87123430157)
электрондық поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде педагогтердің бос лауазымдарына орналасуға төмендегі штаттық бірлік бойынша конкурс жариялайды:
1. Әлеуметтік педагог – 1бірлік (уақытша )
2. Педагог – психолог - 1бірлік (уақытша)
3. Педагог –сүйемелдеуші – 2 бірлік (келісім шарт негізінде)
4. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (тұрақты) – 1бірлік.
Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына, біліктілік санатына қарай сәйкес төленеді.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Респубикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығының талаптарына сәйкес.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020
бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурс құжаттары 2022 жылдың 22 – 25 тамыз аралығында қабылданады.
Конкурстық комиссиясының қарауына құжаттар Индербор кенті, Жәрдем Кенжетаев көшесі, 2 мекен-жайы бойынша қағаз немесі Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасы арқылы қабылданады.


МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ