Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің,  ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді.

Осы орайда ауыл мектебінің бүгінгі бет–бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан «Көктем» қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде орналасқан.                                                                                                                                                                   

Мекен – жайы – Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Көктем м/а, Ж.Кенжетаев көшесі, №2 –үй.                                                                                                                        

Телефон: 81234 30157,  8123430037, электрондық адресі: koktem_Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Мектеп директоры: Кусайнова Гульзада Мажитовна

           

Оқу орнының тарихы, жетістіктері:

«Көктем» қазақ орта мектебі, негізгі Индер ауданы әкімінің 2000 ж. 11 қыркүйектегі №230 шешімімен «Көктем» мөлтек ауданындағы қазіргі ескі АТП ғимаратының орнынан бастауыш мектеп болып ашылды.                                                                2002 жылы «Көктем» мөлтек ауданының тұрғындар санының өсуі мен сұранысына орай, демеушілік қаражат есебінен 2 қабатты жаңадан мектеп ғимараты салынып, «Көктем» қазақ орта мектебі болып ашылды. Сөйтіп, Индер ауданы әкімінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы №8 шешімі негізінде «Көктем» бастауыш қазақ мектебі «Көктем» қазақ орта мектебі  мекемесі болып қайта тіркелді. Мектеп 5имараты типтік жобамен салынған, 2013 жылы күрделі жөндеу жүргізілді. Жобалық қуаты – 200 орын. Мектепте пәндерді оқу кабинеттері, денешынықтыру залы мен алаңы, оқу-әдістемелік бөлмесі, кітапхана, 40 орындық асхана, компьютер, мультимедиа-лингафон кабинеті, 100 орындық акт залымен қамтылған.15 пән кабинеттері жабдықталған, жаңа үлгіде жасақталған физика, химия, биология, робототехника,  мультимедиалық - лингофондық кабинеттері бар.

 

Барлық кабинеттерде интербелсенді тақта оқушыларға қызмет етеді.                                                                                                                                                              

Биылғы оқу жылында 1 – 11 сыныптар аралығында  566 оқушы (28 сынып – комплекті), 3 мектепалды дайындық тобында  65 тәрбиеленуші, барлығы - 631  бала білім алып, тәрбиеленуде.                                                                                                                                 

Педагогикалық ұжымда 81 мұғалім қызмет етеді, олардың 76 жоғары білімді педагогтар болса, 5 арнаулы орта білімді мұғалімдер. 1- жоғары санатты, 5 – І санатты,  7 - ІІ санатты,  «педагог – зерттеуші» – 12, «педагог – сарапшы» -18, «педагог-модератор» – 15. Білім  беру  ұйымы төмендегідей әдістемелік бірлестіктерден  құрылған:

 

Пән бірлестігі

Мұғалімдер саны

Жетекшісі

1

Қазақ тілі мен әдебиеті  пән бірлестігі

5

Серікбаева А.Ж.

2

Орыс тілі мен әдебиеті

5

Айтенова С.Е.

3

Ағылшын тілі

6

Танатаров Н.Ж.

4

Тарих, құқық және  география

6

Тунгатов М.К.

5

Физика, информатика

6

Шаңғалиева Э.Т.

6

Биология, химия

6

Тулебаева М.С.

7

Математика

5

Мамаева А.Т.

8

АӘД, дене тәрбиесі

6

Кабдешева Н.Ж.

9

Эстетикалық бағыттағы бірлестік

6

Базылова А.Б.

10

Бастауыш сыныптар және МАД

11

Кайдаргаликызы Г.

11

Психология және инклюзивті сынып

9

Демеуова А.К.

              Әдістемелік бірлестіктер туралы мәлімет

 

Қазыналы білім ордасына айналған «Көктем» қазақ орта мектебінің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда.

 

«Алтын белгі» иегерлері

1.Сағынова Жансая – 2008 -2009 оқу жылы

2.Төлегенова Мөлдір – 2010- 2011 оқу жылы

3.Сариев Абылай – 2012 – 2013 оқу жылы

4.Сайлауова Айымгүл – 2017 – 2018 оқу жылы

5.Өтеғали Асылай – 2019 – 2020 оқу жылы

  1. Жандосқызы Әлия – 2020 – 2021 оқу жылы

«Үздік аттестат» иегерлері:

1.Жылқыбаева Айдана – 2010 – 2011 оқу жылы

  1. Сариев Абылай –2010 – 2011 оқу жылы

3.Сабыр Арухан – 2011 – 2012 оқу жылы

4.Бағытжанова Бақытгүл- 2012 – 2013 оқу жылы

  1. Құрал Жәнібек – 2012 – 2013 оқу жылы
  2. Сарсенгалиев Амандык – 2012 – 2013 оқу жылы
  3. Куспанова Айбибі – 2013-2014 оқу жылы

8.Сайлауова Айымгүл – 2015-2016 оқу жылы

9.Борисова Жанна – 2015-2016 оқу жылы

  1. Адилова Айдана – 2015-2016 оқу жылы
  2. Берікова Айымгүл – 2016-2017 оқу жылы

12.Өтеғали Асылай – 2017-2018 оқу жылы

13.Сабыр Ақбота – 2017-2018 оқу жылы

14.Мендешева Айжан – 2018-2019 оқу жылы

15.Молдағалиева Әлия – 2018-2019 оқу жылы

  1. Ильяшова Әсем - 2019-2020 оқу жылы
  2. Маңғыт Бибіфатима - 2020-2021 оқу жылы

 

Педагогикалық ұжым сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда. Мұғалімдер қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. Осы мақсаттағы басты міндет – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық, азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби қалыптастыру, дамытуға бағыт болған білім алуға қажетті шарттар жасау, оқушыларға үш тілді меңгерту, мектепті компьютерлендіру және интернет жүйесімен жұмыс жүргізуді басты назарға алуда.         

         

Қабілетті оқушылардың ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру, зерттеу үйрету, танымдық қабілетін тәрбиелеп, ұғуға талпынысын жетілдіруде, ғылымға жетелеуде М.Төлебаеваның шәкірті Сағынова Жансая «Адам ағзасына қоршаған ортаның әсері», Г.Серікбаеваның шәкірті Амангелді Ардақ «Стандартты емес есептерді шығару жолдары», Л.Габдуллинаның шәкірті Шойынбаев Даулет «Қазақтың байырғы өлшем бірліктері», А.Серікбаеваның шәкірті А.Сақыпова «Махамбет өлеңдеріндегі ғибрат сөздері» тақырыбындағы ғылыми жұмыстары облыстық сайысқа жолдама алды.

2008 жылы 11-сынып оқушысы Шәкімов Жанболат ауданда бірінші болып Алматы қаласында өткен Республикалық «ХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қатынасты.

2009 жылы  мектебіміз ОКБАКД институт кеңесінің 7 желтоқсандағы №4 хаттамасының шешіміне сәйкес «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу» бағытындағы аудандық үлгі-тірек мектебі атанды. Куәлік №37. .

2010 жылы 8-сынып оқушысы Айдаров Шыңғыс республикалық Махамбет оқуларына өз шығармашылығы бағамы бойынша қатынасып ынталандыру дипломына ие болды.

2010 оқу жылында  мектеп оқушылары арасында өткен ғылыми жобалар байқауында «Орыс тілі» секциясы бойынша 11-сынып оқушысы Мұқышева Айнұр жүлделі ІІІ орыннан көрініп, 2011 жылы Алматы қаласында өткен республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясына қатынасып, «Дарын» орталығының Сертификатына ие болды.

2011 жылы 8-сынып оқушысы Бақытжанова Бақытгүл – Алматы қаласында өткен республикалық «Күз береке» ән-би байқауының эстрадалық вокал жанры бойынша қатынасып ІІ орын иеленді.

2011 жылы 7-сынып оқушысы Орынғалиев Мейрамбек –Астана қаласында өткен республикалық «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» байқауында үздік өлең бағамы бойынша ІІІ орын иеленді, «Ақжайық», «Қазақстан қалалары», «Туған жер» өлеңдері республикалық энциклопедияда жарық көрді.

2012 жылы 10-сынып оқушысы Нұрсұлтанов Дияр – республикалық «Күн шуақ» фестиваль конкурсында вокал номинация бойынша І орын иеленді.

2013 жылы Теміртау қаласында өткен  жаратылыстану – математика пәндері бойынша                 ҮІ Президенттік олимпиадаға облыстық олимпиаданың жүлдегері Сабыр Арухан қатынасып, Сертификатқа ие болды. Жетекшісі – А.Мамаева.

2013 жылы Республикалық «Әл – Фараби – 2014» олимпиадасының ІІІ кезеңі Сабыр Арухан  қатынасты, ол қазақ әдебиеті пәні бойынша ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталып, Әл – Фараби атындағы ұлттық университетінің ректорлық грантқа ие болды.

2013 жыл қорытындысымен «Жыл мектебі» бағамы бойынша ІІІ орынды иеленді.

2014 жылы Астана қаласында өткен республикалық «Ой – сана» орыс тілі білгірлері байқауында Сарсенгалиев Амандық жүлделі ІІІ орынға ие болды.

2014 жылы Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламаның іріктеу турына Құрал Жәнібек  қатынасып, республикалық турға жолдама алды. Ол Астана қаласында өткен бағдарламаға қатынасып, Сертификатқа ие болды.

2014 жыл қорытындысымен «Жыл мектебі» бағамы бойынша ІІІ орынды иеленді.

2015 жылы мектеп мұғалімдерінің іс – тәжірибесі жинақталып, республикалық «Қазіргі  мектеп» педагогикалық әдістемелік журналының №5 номерінде жарық көрді.

2015 жылы «Зерде» ғылыми жобалар сайысының аудандық, облыстық кезеңдерінің І орын жүлдегері Амиргалиев Парасат Астана қаласында өткен республикалық деңгейде ІІ  орын алып, мектеп мәртебесін көтерді.

2015 жылы қорытындысымен «Жыл мектебі» бағамы бойынша ІІІ орынды иеленді.                  

2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздіктің жас елшілері – Зияткер мектеп оқушылары қабылдайды...» атты ашық есік күнінің шеңберінде ұйымдастырылған  «Мәңгілік ел зияткерлері» патриоттық форумына белсенді қатысқаны үшін Сайлауова Айымгүл ЕХРО – 2017 көрмесіне және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жазғы мектебіне қатынасуға Сертификатпен марапатталды.

2016 жыл  қорытындысымен «Жыл мектебі» бағамы бойынша ІІ орынды иеленді.

2016 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Алау» облыстық әскери-патриоттық клубтар слетіне қатынасқан 8-сынып оқушылары  – ІІ орын иеленді.

2017 жылы - Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 11сынып оқушысы Сайлауова Айымгүл ағылшын тілі пәнінен  жүлделі ІІІ орын (жетекшісі Ж.Қанатова), 11 сынып оқушысы Адилова Айдана Қазақстан тарихы пәнінен жүлделі ІІ орын (жетекшісі М.Тұңғатов),  10 сынып оқушысы Мәтжанқызы Аружан Қазақстан тарихы пәнінен жүлделі ІІІ орынға ие болды (жетекшісі Х.Абдрахманова).

2018 жылы - оқушылар арасындағы «Елім дейтін ұланбыз» атты аймақтық айтыста 10 сынып оқушысы Кеңес Ертай Бас жүлде иеленді, жетекшісі Саргойшина Ә.Ж.

2020 жылы – 8 сынып оқушысы  Нугметова Азима аудандық ғылыми жобалар сайысының ағылшын тілі секциясында І орын, облыстық сайыста ІІІ орын иеленіп, республикалық кезеңнің бірінші турына қатынасты. Жетекшісі: Қанатова Ж.Ж. 8 сынып оқушысы  Қабдығали Айым аудандық ғылыми жобалар сайысының өлкетану секциясында І орын, облыстық сайыста  ІІІ орын иеленіп, республикалық кезеңнің бірінші турына қатынасты. Жетекшісі: Исағалиев С.Ө.

2019–2020 оқу жылының қорытындысымен мектеп ұжымы «Жылдың үздік мектебі» атағын алды.

2020 жылы – Білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында өткен ХХІ республикалық Абай оқуларының «Жас ақын» номинациясында 11 сынып оқушысы Кеңес Ертай  ІІІ орын, республикалық «Абай әлемі» атты шығармашылық байқаудың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы бағамы бойынша республикалық кезеңінде ІІІ орын.

2020-2021 оқу жылы – «DARYN.ONLAIN» республикалық білім беру платформасының қашықтықтан оқу үрдісін ұйымдастыруда платформамен бірлестікте белсенді қызмет еткені үшін Алғыс хат.

2021 жылы -облыстық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының «Мен-мамандықтар әлемінде» номинациясы 10 сынып оқушысы Самат Әсем ІІ орын;

2021 жылы – мектеп ұжымы цифрлық технологияларды пайдалану арқылы білім беру процесін жетілдіру үдерісінде «Kundelik.kz» электрондық журналын қолдану бойынша  І,ІІ,ІІІ,ІҮ тоқсандарда Алғыс хат және жылдық рейтингтің көшбасшысы «Ең үздік ұжым» номинациясында Атырау облыстық Білім беру басқармасы әдістемелік орталығының Алғыс хаты;

2021 жылы - мектеп мұғалімдерінің іс – тәжірибесі жинақталып, «Ұстаз ұлағаты» республикалық педагогикалық әдістемелік журналының 2021 жылғы 9 қыркүйектегі №9 номерінде жарық көрді.