Кітапхана туралы

 

Мектеп кітапханасы мұғалімдермен  оқушыларға арналған ақпараттық орталық.Біздің кітапхананың мақсаты: балаларды кішкентай кезінен кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру, ақпараттық-библиографиялық  жазбалармен  қамтамасыз ету және  ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу. Көркем әдебиет оқу оқушыларды ой ұшқырлығын дамытуға, белсенділіктерін арттыруға, сөздік қорын байытуға, білімге, өнерге ұмтылуға тағы –тағы жақсы қасиеттерді қалыптастырады, үйретеді. Рухани азық іздеген, көзі ашық көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Олай болса біздің мектебіміздің кітапханасында жалпы кітап қоры 21651 дана, оның ішінде көркем әдебиет-2768 ,оқу әдістемелік құралдар 963 , 17920 данасы оқулықтар. Жаңа оқу жылына «Атамұра», «Мектеп», «Арман-ПВ»,  «Алматыкітап», «Білім», «Келешек»   баспанасынан шыққан  6139  дана кітаптарымен кітапхана қоры толықтырылды.

 

Кітапхана 2-қабатта орналасқан, 42,9 шаршы метр .

 

Кітапхана 2 бөлмеден тұрады: Кітапхананың оқу залы, кітапхана абонементімен бірге орналасқан және   кітап сақтау бөлмесі.

 

Кітапхана қорында оқушылардың қызығушылығын туғызатын  көптеген танымдық басылымдар бар: «Өзін-өзі тану», «Алтын сандық», «Балдырған»,  «Айголек», «Қазақстан патриоты», «Керемет КZ», «Бала би»,  «Балабек», «Мөлдір бұлақ», «Ақжелкен».

 

Кітапхананың негізгі кітап қоры кітапханалық жіктеу таблица арқылы,оқулықтар сыныптар бойынша  жинақталған.

 

Кітапханашы жұмысының бір бөлігі мектеп бойынша тәрбие ісі ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы негізіндегі 8 бағыт бойынша жұмыс жүргізілуді.