Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Көктем" қазақ орта мектебінде "Orator.kz" дебат клубының кезекті ойыны өткізілді. Тақырыбы: "Əлеуметтік желі: пайдасы мен зияны". Қатысушы "Үкімет" жəне "Оппозиция" тобы тақырып аясында ойларын ортаға салып, өз пікірлерін қорғап шықты.