Жаңалықтар

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген сыныптардағы тәрбиелік шаралардан, 2 "А", "Ә", "Б" және 8 "Б" сыныптарының дәліздегі ұйымдастырылған үзілістерінен, аудандық кітапханамен 5 "А" сыныбының жетекшісі Абдрахманова Эльмираның бірлескен шарасынан көріністер.

1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Индер-Мәдениет» үйінде өткен «Алғыс айту–адамдықтың белгісі» атты мерекелік шарада мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары өнер көрсетті.

Облыстық "Театрдың ғажайып әлемі" театр өнерінің фестиваль-байқауында жүлделі ІІІ орын жеңіп алған мектебіміздің ұстаздары мен шәкірттерін құттықтаймыз!!!

2019 жылдың  11 –16ақпан  аралығында  «Болашаққа бағдар: рухани   жаңғыру»тақырыбында  тарих, құқық, «Зайырлылық  және дінтанунегіздері»  пән  бірлестігінің  апталық  жоспары

2019 жылдың 4 ақпан күні өткен аудандық "Ұшқыр ой алаңы" атты дебатқа мектебіміздің "Айбынды жастар" тобы қатынасты. Турнирдің мақсаты: аудан оқушыларының арасында мектептік дебаттық қозғалысты дамыту және насихаттау, мектептегі дебаттық қозғалысты дамыту және қолдау. Аталған пікірталаста оқушылар жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Мектеп намысын қорғаған оқушыларымызға және топ жетекшісі А.Серғазиеваға ризашылық білдіреміз!

«Театрдың ғажайып әлемі» атты театр өнерінің аудандық фестиваль байқауына қатынасып, оқушыларымыз жүлделі І орынды иеленді және де «Үздік сахналық костьюм» номинациясын 9 сынып оқушысы Кеңес Ертай жеңіп алса, оқушыларды жақсы дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Айгерим  «Алғыс хатпен марапатталды». Жеңімпаздарымызға шығармашылық табыс, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

2019 жылдың 5 ақпан күні "Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік аясында "Өнеге-отбасынан" тақырыбында өткен ашық сабақтан көрініс. Пән мұғалімі: Мәжитова Мөлдір