Жаңалықтар
Қалыптастырушы бағалау сабақ процесінде қалай жүзеге асуда? Сабақ барасындағы білім алушының әрекеті қандай? Мұғалім оқушыға дер кезінде қолдау көрсете алды ма? Міне, осындай сұрақтарға жауап іздеу мақсатында семинардың «Көктем» қазақ орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.Таңатаров сабақ беріп, әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісті.
Динамика мен өзгерістерге толы бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмыстың ең тиімді әрі қолжетімді екі түрі бар: сабақтарды бірлесе жоспарлау және өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдау мен талқылау.