Динамика мен өзгерістерге толы бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмыстың ең тиімді әрі қолжетімді екі түрі бар: сабақтарды бірлесе жоспарлау және өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдау мен талқылау.


Осы екі әрекетті де қамтитын бірден бір құрал - Сабақты зерттеу (немесе Lesson Study) әдісі. Сабақты зерттеу әдісі (Lesson Study) мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың тиімді амалы екендігі барша педагогикалық жұртшылыққа мәлім. Ендеше, осы мақсатта қаңтар айында зерттеуге арналған арнайы топ құрылып, бірінші санатты бастауыш сынып  мұғалімі Таженова Назым Сайынқызының  Абдырахман Асылбек «Асыл сөз», «Күй құдіреті» аңыз, «Аққұс туралы аңыз» тақырыптарында 3 «б» сыныбына өткізген Lesson Study сабағы болып өтті.