Жаңалықтар
Мектебімізде "Отбасы - бақыт мекені" атты апталықтың аясында "Ата-ананы құрметтеу - әрбір адамның қасиетті борышы" тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылды. Оқушылар белгіленген арнайы бұрышқа отбасыларының фотоларын іліп өзара сынға түсті.
Вирусты гепатиттердің алдын алу айлығы мен паразиттік аурулардың алдын алу апталығы аясындағы шарада оқушыларға аталмыш аурулардың белгілері мен себептері, алдын алу шаралары туралы түсіндірілді. Оқушылардың сауалдарына жауап беріліп, парақшадан таратылды.
Бүгін аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 9-шы сынып оқушылары арасында, белгілі ғалым, қоғам қайраткері,
Оқушылар бүгін, яғни 29-шы қыркүйек күні "Сапалы өнім" шаруа қожалығына сапар шегіп үй құстарын қалай өсіру, тамақтандыру, жыл мезгілдерінде қалай күтіп бағу керектігі жөнінде практикалық негізде білімдерін кеңейтті! Балалар да қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Өткен аптада мектебімізде педагог-зерттеуші, биология пәнінің мұғалімі Ергалиева Алия Бисегалиевнаның тренерлік етуімен "Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу" тақырыбында мектепішілік тәжірибелік семинар өтті.
Мектебімізде қыркүйек айының 27-ші жұлдызы мектепті көгалдандыру, жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында "Гүлмен МЕКТЕПКЕ" акциясы өтті! Акцияға 1-11 сынып аралығында сыныптар, Ата-аналар белсене атсалысты.
Ашық есік күнінің мақсаты: Пікір алмасу және мектеп қызметіне белсене араласуға шақыру. Өзіңізді толғандырған сұрақтар бар болса келіңіз!