Оқушылар бүгін, яғни 29-шы қыркүйек күні "Сапалы өнім" шаруа қожалығына сапар шегіп үй құстарын қалай өсіру, тамақтандыру, жыл мезгілдерінде қалай күтіп бағу керектігі жөнінде практикалық негізде білімдерін кеңейтті! Балалар да қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Шеберлік сағатына жастар ресурстық орталығының басшысы Көшеков Сұңқар Сансызбайұлы, ДТІЖО Қайырлы Гильманов, тарих пәнінің мұғалімі Марсел Тұңғатов және ата-аналар қатынасты.
Айта кетейік "Сапалы өнім" шаруа қожалығы Катушев Шапағат Саматұлының (көшбасшы), Ғабитова Дария Ғабитқызының (көмекші), Катушев Қанат Саматұлының (көмекші) бастамасымен жастар корпусын дамыту жобасы @Zhasprojekt жобасы аясында құрылған қожалық.
Балалардың қызығушылығына риза болған Шапағат Саматұлы әр балаға 5-5-тен балапан беріп, оларды өсіріп шығаруды, жолдарын түсіндіре отырып тапсырды.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/219-balalarymyz-demalysyn-tiimdi-tkizdi.html#sigFreeIdd5022f755e