Өткен аптада мектебімізде педагог-зерттеуші, биология пәнінің мұғалімі Ергалиева Алия Бисегалиевнаның тренерлік етуімен "Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу" тақырыбында мектепішілік тәжірибелік семинар өтті.

 

Фокус топ мұғалімдері ретінде мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері қатынасты. 


Мақсаты: Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу мен сараптау бағытында пән мұғалімдеріне көмек көрсету.
Жиынтық бағалау тапсырмаларын дайындау ережелерін, тапсырма түрлерін құрастыру алгоритмі талқыланды.