2023 - 2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
“Көктем” қазақ орта мектебінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары“ тақырыбында сынып жетекшілерге арналған семинар өткізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сарғойшина сөз сөйлеп, сынып жетекшілерге біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы толық мәлімет берді.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
Тәрбие құндылықтарының моделімен таныстыру.
Тәрбие құндылықтарын сынып сағаттары арқылы жүзеге асыру:жоспарлау, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысының жылдық жоспарын әзірлеу
Семинарға қатысушылар тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеуде өз ұсыныстарын айтып, оны әріптестік ортада талдады.
https://koktem.inderoo.kz/kz/%20images-new/1010#sigFreeId2d7ca2ed49