Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орынын ойдағыдай аяқтаған соң ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастаған жас маман, Атырау облысы Индер ауданы білім бөліміне қарасты "Көктем" қазақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас сынып жетекші Танатжанова Перизат Қитарқызы аудандық "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" атты жас педагогтер арасындағы аудандық байқауда жүлделі ІІ орынды иеленді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, еңбек жолына сәттілік тілейміз!