Алтын күз

Мектебімізде 7 қараша күні 8-10 сынып оқушылары арасында "Күз Ханзадасы мен Күз Ханшайымы" тақырыбында байқау өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін анықтау, сайысқа деген қызығушылығын арттыру. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға сала білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс шарада қатысушылар

1-кезең «Сәлем – сөздің анасы». Таныстыру

2-кезең:«Кіл мықты да, кім мықты? Қызықты векториналық сұрақтар

3-кезең: : Қолөнер-сырлы өнер(өз қолымен жасаған бұйымды таныстыру арнайы берілген тапсырма)

4-кезең «Өнерің өрге жүзсін» (өз өнерін көрсетеді)

5-кезең «Сән үлгісі» (күздің көрінісі) бөлімдері бойынша сынға түсті.

Барлық қатысушылар байқау шарттарына жақсы дайындықпен келді. Әдемі үлгіде киім киіп өздерін таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды.

Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар диплом, алғыс хаттармен марапатталды.

#біртұтастәрбие

#atyrau_tàrbie