Көктем Қазақ Орта Мектебінде ағымдағы жылдың 28 наурыз күні «Оқушылардың қоғамдық орындарындағы тәртібі,сабаққа қатыс мәселесі, оқушылар арасындағы әлімжеттік, жәбірленудің алдын алу» тақырыбы аясында мектептің 9-11 сынып ұл балалары арасында ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге Индер аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Еркебаев және АПБ ЖПҚБ-нің ЮПТ аға УПИ-ры полиция капитаны А.Жубатканова қатысып, оқушылардың құқық бұзушылық жасамауға, түнгі уақытта көшеде жүрмеуге, тәртіп сақтауға, әлімжеттік жасамауға шақырды.