Амал келді – Жыл келді
Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.
14-наурыз көрісу күніне арналған мектебіміздің 7-сыныптарының ұйымдастыруымен “Амал келді-Жыл келді” тақырыбында ұйымдастырылған үзіліс өтті.
Оқушылар Көрісу күніне орай көрініс қойылып, дастархан жайылып көже тарту етіп,бауырсақтар үлестіріліп, домбырамен күй тартылып,ән айтылып соңында бата берілді.
14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
Сынып жетекшілер:А.Қуанышева, Қ.Мусаева
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/984-amal-keldi-zhyl-keldi-4.html#sigFreeId5fc03e8421