Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы түрлі келеңсіздіктердің алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру мақсатында мектебімізде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудандық емхананың нарколог дәрігер М.Ураков, аудандық полиция бөлімінің инспекторы А.Ермекбаев, аудандық жастар орталығының маманы М.Борисұлы мектебімізге келіп, оқушыларды тәртіпті болуға, заң нормалары мен ережелерді сақтауға шақырып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.