"Көктем" қазақ орта мектебінде 9 - 11 - сынып оқушыларына мамандық таңдауда кәсіби бағыт - бағдар беру, оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыру мақсатында әр түрлі сала мамандарымен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кездесуге Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Таудаев Қ.С., Шарипов А. І., Индер аудандық білім бөлімінің педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің дефектологы Мүсілімова Ә. А., Ветеринария станциясының басшысының орынбасары Әбішев Е. Е., аудандық аурухананың бөлім меңгерушісі Атабаева Г.М. және кардиолог - дәрігер М.А.Бажанова қатысып, оқушыларға өз мамандықтарының қыр-сырларымен, қызықты да қиын сәттерімен бөлісті. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, профориентолог маман Айтенова Сағида Есжанқызы мамандық таңдаудың негізгі қадамдары, критерийлері туралы айтып өтті. Оқушылар қонақтарға сауалдарын қойып, жұмыс барысындағы қызықты естеліктер айтылды. Кездесу барысында Нартаева Айша, Нұролла Айжан, Асхатов Асығат сынды оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Шара мектеп психологы Айгерім Кенжағалиқызы өткізген қонақтарға арналған қызықты тренингпен аяқталды.