Атырау облысында 2022 - 2024 жылдар кезеңінде «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс - шаралар жоспарына сәйкес мектебімізге Индер ауданы Прокурорының орынбасары Наутиев Бекарыс Жандарбекұлы келіп, 8 - 11 сынып оқушыларымен кездесті. Бекарыс Жандарбекұлы кездесу барысында оқушыларды еркін пікірлесуге шақыра отырып, кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу екендігін мәлімдеді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалар құқық бұзушылықтарға барған жағдайда, ата - ана қандай жауапкершілікке тартылатынын, баланың болашағына қалай кері әсер ететінін хабарлады. Оқушыларды бос уақыттарын тиімді пайдаланып, болашақтары жарқын болуы үшін спортпен айналысып, білімді болуға шақырды.

Аудан прокурорының орынбасарына және полиция бөлімі инспекторына оқушылар сұрақтарын қойып, өз пікірлерін айтты.