"Көктем" қазақ орта мектебімізде тәрбиенің "Тұжырымдамалық негіздерін" іске асырудағы іс - шаралар жоспарына сәйкес мектеп парламентінің мәдениет фркция мүшелерімен бірге 8 - 10 сынып оқушылары арасында "Күз ханзадасы мен ханшайымы" атты сайыс ұйымдастырылып өтті. Сайысқа әр сыныптан 5 жұп (ханшайым мен ханзада) қатысып 4 тур бойынша өз өнерлерін көрсетіп, оқушылар іс - шараға ұйымшылдықпен белсенді қатысты.

Сайыс бағдарламасы:

1. Таныстыру

2. Өнер сайысы

3. Сән үлгісі

4. Логикалық сұрақтар

Кештің мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.

Қорытындысында "Күз ханзадасы" - 10 "А" сынып оқушысы - Серікқали Медет және "Күз ханшайымы" - 10 "А" сынып оқушысы - Қабдығали Айым

1 - орын 10 "Б" сыныбы

2 - орын 10 "А" сыныбы

3 - орын 8 "А" сыныбы және 9 "А" мен 8 "Б" сыныптары алғыс хатпен марапатталды.