Қыз бала - ұлт айнасы. Қыз баланы қазақ халқы ерекше құрметтеген. "Қызға қырық үйден тыйым", "Қыз өссе елдің көркі" деген сияқты мақал - мәтелдер арқылы қыз бала тәрбиесіне мән беріліп, бүкіл ел болып, ауыл болып қыздар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.

Мектепте қыз балалармен жұмыс бойынша арнайы іс - шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Сарғойшина және мектеп ембикесі С.Базарбаева әңгімелесу, түсінік беру сабағын өткізді.