Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері.

Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды - жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман - мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.

1992 жылдың 4 маусымында бекітілген Қазақстан Республикасы Рәміздеріне 2022 жылы 30 жыл толды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін насихаттауға арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес «Мемлекеттік рәміздер – елдіктің нышаны» тақырыбында ұйымдастырылған үзіліс өткізілді.

Мақсаты – қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Рәмізімен көркейген алтын елім,

Қамқорлық қып ғаламның алты белін.

Жырға қосам рәмізін ел Отанның,

Жүректе жыр ел десе бар білемін!

ҚР Рәміздеріне 30 жыл толу мерекесі құтты болсын! Көк туымыз биікте, әуеніміз алыстарға шарықтай берсін!

ІІ кезеңде өткен линейкадан үзінді