Қазақ халқының мақалдарының бірінде «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» бар дегендей ағылшын тілі пәні мұғалімі Наурызбек Жиенбайұлы - 9-11 сыныптардың үздік оқушыларымен М.Әезовтің – 125 жылдығына орай «The Clevers and 125 years since the birth of Mukhtar Auezov» тақырыбында сайыс (competition) өткізді. Оқушыларға алдымен ойын ойнау, түрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ағылшын, қазақ, орыс тілдерінен білімдерін тексеру мен оқушылардың оқу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту және зейінділікке, ізденімпаздыққа баулу мақсатында өткізілетінін түсіндіріп өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар мынадай сайыс кезеңдерден бақ сынасты яғни 1-деңгейіміз «Таныстыру» "Introduction" қатысушылар өздері туралы, хоббиі, сүйікті пәндері, ұраны туралы бірнеше сөздер айтылды. 2 деңгей «Бәйге» “Baiga”, 3 деңгей «Сен білесің бе?» “Do you know?” Ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жұмбақ тауып, жауабын жазу керек. 4-деңгей «Сиқырлы сандар» “Magic numbers”, 5-кезең Мұхтар Әуезов Presentation in English about Mukhtar Auezov туралы ағылшын тілінде Мұхтар Әуезовтің туғанына – 125 жылдығына оқушыларға алдын-ала Әуезовтің өмірбаяны, отбасы, шығармалары, алаш қозғалысы, туындылары туралы ағылшын тілінде презентация арқылы таныстыру және берілген тақырыптарға сәйкес жобаны қорғаудағы нәтижелілігі, сонымен қатар оқу техникасына, интонацияға, дикцияға көңіл бөлінді. Сайыс соңында 9 «б» сыныбының оқушылары Маханов Жанібек пен Марат Айша-1 орын, 11 «б» сынып оқушылары Саметова Аружан мен Табылды Күнай -2 орын, 11 «а» сынып оқушылары Маңғыт Бибіфатима мен Құрал Таңбике және 9 «а» сынып оқушылары Караман Шерхан мен Сары Айкөркем-3 орындармен марапатталды.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/758-m-uezov-125-zhyl.html#sigFreeId740e666937