Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы. Жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлер кезеңінде өмір сүретін жаңа буын белсенділігі мен қызығушылықтарының әртүрлілігемен сипатталады. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның шынымен біртұтас балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалысын құрудағы күш-жігерін біріктіру – заманауи мемлекеттің стратегиясы.

Жас Дос Белсенді бол! Мектеп – сенің екінші үйің! Мектеп өмірі – сенің ең керемет уақытың! Уақытыңды бос өткізбей, пайдалы істерге арна!

«Көктем» қазақ орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары арасынан 13 оқушы үміткер болып тіркелді. Мектеп дәлізінде, әлеуметтік желіде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.