Жалпы ата-аналар жиналысы

Тақырыбы:«Баланың бас ұстазы—ата-ана»

Күн тәртібі:

  1. 2021-2022 оқу жылына қорытынды және жаңа оқу жылының ерекшелігі.

Баяндамашы: Мектеп директоры Кусайнова Гүлзада Мажитқызы

  1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-ананың жауапкершілігі.

Хабарламашы: Мектеп инспекторы Әділбаева Фаиза Азидоллаевна

  1. Оқушылардың жеке бас гигиенасы және екпенің маңыздылығы.

Хабарламашы: мектеп ембикесі Базарбаева Сания Ештенқызы.

  1. Ата-аналар кеңесінің төрағасын, әкелер кеңесінің төрағасын, аналар кеңесінің төрағасын сайлау;
  2. Әртүрлі мәселелер

Жиналыс алдымен мектеп психологі Айгерім Кенжеғалиқызының ұйымдастырумен отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу мақсатында ТРЕНИНГ өткізіліп, мектеп оқушыларының сазды бағдарламасымен басталды.

Жиналысқа 0-11 сыныптардың қатынасқан ата-аналар саны-155.

Әр мәселе бойынша спикерлер слайд арқылы ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, білім беру процесі және отбасылық ерекшеліктері мен отбасылық тәрбие бағыты бойынша түсіндіріліп жауап берілді.