Қазақстан Халқы тілдер күні мерекесіне орай және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Жұлдызды сәт» ойыны өткізілді.

Мақсаты: халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын насихаттау;

Ойын ІІІ кезеңнен тұрды, бірінші кезеңде оқушылар ақын туралы пікірдің авторларын тапты, екінші кезеңде өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап берді, үшінші кезеңде берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтады.

Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды 8 «б»-сынып командасы, ІІ орынды 9 «а»-сыныбы, ІІІ орынды 10 «а»-сыныбы және 8 «а»-сыныбы командалары иеленді. Барлық командаларға алғыс хаттар табыс етілді.