Тілдер онкүндігі
"МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ- МЕНІҢ ТІЛІМ" мектепішілік эсселер байқауы
Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздігіміздің тірегі. Тіл – халықымыздың қазынасы, сан ғасыр бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті ұғым болып саналатынын әрбір тұлға түсінуге тиісті...
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған елдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға өзінің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нарсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» – деген.
Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безген азаматтарды көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік» деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, аялауды қолға алайық!
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/743-tilder-onk-ndigi-memlekettik-til-meni-tilim-mektepishilik-esseler-baj-auy.html#sigFreeIdfa55197dda