Тілдер онкүндігі
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Тіл – әр ұлттың, әр елдің, әр мемлекеттің мақтанышы. Ол баға жетпес қазына. Тіл – байырғы замандағы ата – бабаларымыз қалдырған асыл мұра, аманат. Құдыретті ұғымдардың бірі болып саналады. Адам бойына кішкентайынан сініп, қалыптасады.
Менің ана тілім – қазақ тілі. Мен бұл сөзді мақтан тұтарлықтай айтамын. Себебі, менің ана тілім – шексіз бай, қасиетті, мықты тіл. Ол қашанда ыстық, құлаққа жағымды. Басқа тілдерден ерекшеліктері өте көп. Қазақ еліндегі ұлы тұлғалардың сөйлеген тілін қалайша сүймеске? Біз әрқашан өз ана тілімізді ұмытпай, есте сақтап жүруіміз міндетті. Қанша дегенменде біздің ұлы тіліміз. Біздің көптеген ақын, жыршы, әншілеріміз ана тілге көптеген ән, жыр, термелер шығарды. Осының бәрі ана тілімізді қадірлегеннен, ерекше құрметпен қарайтынын да. Міне бізде тұлғаларымыздан үлгі алып ана тілімізді жүрегімізде сақтап жүруіміз керек. Қай елге барсақта өз ана тілімізді ұмытпай, қазақ екенімізді еске салып жүрейік. Бірақ қазіргі заманда біршама қазақтар қазақша еркін сөйлей алмайды. Бұнымен басқа елдер мақтайтын мемлекет бола алмаймыз. Ұмытпайық осы ана тілімізді бізге ата-бабаларымыз бар еңбекпен бізге асыл мұра етіп қалдырды. Жастарымыз елдің байрағын көтеріп, қазақ елін барлық елдерге атын шығарады деген оймен бізге сенді! Сондықтан да ана тілімізді қорғап, аялай білейік. Ғабит Мүсірепов атамыз: "Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді" – деген.
"Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты", "Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді" , "Тілі өлген ел, Тірі өлген ел" ,"Өз тілің бірлік үшін, Өзге тіл тірлік үшін" – деген мақал мәтелдер жәйдан – жәй айтылмаған.8 "а"сынып оқушысы Хасан Ақжарқын
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/742-tilder-onk-ndigi-memlekettik-til-meni-tilim.html#sigFreeId17f6d3d970