2022 жылда "Мектепке жол" Республикалық акциясы
2022 жылы "Мектепке жол" Республикалық акциясы (бұдан әрі-Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлықпен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім, жартылай жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы - 2022 жылдың 1 тамызынан
30 қыркүйегіне дейін жалғасады.