Ахмет - ұлт ұстазы"

Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. 5-6 сыныптардан 5 команда қатынасқан ойында оқушылар ақын шығармалары мен өмірі туралы сұрақтарға жауап беріп, мысалдары бойынша көрініс қойды. Ақын өлеңдері мен мысалдарының мәнін ашып, талдады.

  Ойын нәтижесінде 1 орынды 6 а -сыныбы "Бірлік" командасы, 2 орынды 6 ә -сыныбы "Алаш" командасы, 3 орындарды 6 б "Қыран" командасы , 5 а "Барыс", 5 б " "Болашақ" командалары иеленді. Командалар дипломдармен марапатталды.