1 НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Индер ауданы, "Көктем" қазақ орта мектебі

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні.

Бұл мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.

Мерекенің басты мақсатының бірі - өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылықтарын білдіру.

Мерекеге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 8 сынып оқушылары ұйымдастырылған үзіліссіз өткізді.

Сынып жетекшілері:

А.Мамаева

Г.Нариманова