Индер ауданы, "Көктем" қазақ орта мектебі
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні.
Бұл мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.
Мерекенің басты мақсатының бірі - өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылықтарын білдіру.
Мерекеге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2 "Ә" сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Сынып жетекшісі: М.Қабдрашева
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/699-1-nauryz-al-ys-ajtu-k-ni-2.html#sigFreeId12be911755