"Көктем" қазақ орта мектебінде 1-5 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Мәңгілік ел - бабалардың арманы, болашақтың бағдары" атты тарих-география, химия-биология пән бірлестіктерінің апталығы өтуде.

МАҚСАТЫ:

- Оқушыларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

- Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.

- Бүгінгі заманға сай, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.

- Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Апталық аясында Қазақстан тарихы пәнінен 11-сыныпта "Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары" тақырыбында ашық сабақ өтті.

Пән мұғалімі: М. Тунгатов