"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің оқушыларды адалдыққа, бөтеннің мүлкін рұқсатсыз алмауға, тазалыққа, шыншылдыққа тәрбиелеуге арналған тағы бір жобасы "Адалдық дүкені". Бүгінгі таңда "Адалдық дүкендері" жанданып, жұмысын жалғастыруда. Бұл жерде оқушылар өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын сатылымға қойса, мектеп әкімшілігі оқу құралдарын кәсіпкерлердің қолдауымен сатылымға қояды. Былайша айтқанда "Дүкеншісі жоқ дүкен". Қойылған баға сәйкес заттарды оқушылар өздері "кассаға" төлейді.

Адалдық бүгіннен баста!

Өзгенің затына қол сұқпа!