"Ақиқат" дебат КЛУБЫ АШЫЛДЫ.

Оқушылардың көпшілік алдында көсіліп сөйлеу және сыни тұрғыда ойлау шеберлігін дамыту,

қоғамдағы өз көзқарастарын еркін жеткізу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұтымды пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыру мақсатында "DODA-ABADAN DEBATERS" жобасы негізінде Атырау облысы Индер ауданы " Көктем" қазақ орта мектебінде "Ақиқат" дебат клубы өз жұмысын бастады.

Дебат клубының арнайы жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес 5-9 сыныптар арасында дебат ойынын кеңінен насихаттау мақсатында клуб жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Сергазиева санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген семинар-тренингте оқушыларға дебат ойындарының ережесімен таныстырылды. Оқушылардың ойларын еркін жеткізу дағдысын шыңдау мақсатында семинар-тренинг барысында арнайы берілген тақырып бойынша қызықты ойындар жүргізілді.

Аудандық дебат ойындарының екі мәрте ІІ орын жүлдегері 10 "б"-сынып оқушысы Самат Асем оқушыларды дебат ойындарына шақырып, ұтымды ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта пікірталас сайыстарын өткізіп қана қоймай, дұрыс әрі ұтымды пікір білдіруге үйретуді мақсат тұтқан клуб мүшелеріне табыс тілейміз.