Қауіпсіздікті сақтаймыз!
"Көктем» қазақ орта мектебі бойынша кезекші 1 – 4 сыныптың оқушылары арасында Индер аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау сержанты Е. Бисешов төтенше жағдайлардың алдын алу туралы түсінік жұмыстарын жүргізілді.
Оқушыларға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап, сақ болуларын, күнделікті өмірде шырпыны ата-ананың рұқсатынсыз ұстамауын, газ, ток көздерінен сақ болуларын қатаң ескертіп, жадынамалар таратты.
Мектеп тәлімгері Г.Абенова оқушылардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білуін, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын, мұз қатар кезінде «Жайық» өзеніне бармауын, жұқа, толық қатпаған мұз үстіне шығып, шана және коньки теппеулері туралы айтып өтті.
Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтар барысында төтенше жағдай кезінде мектеп ғимаратында қосымша есіктерден, үйде терезеден шығу керектігін және 101, 112 номерлеріне хабарласу керек екендігін айтты.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/376-26516516.html#sigFreeId4356f09d5c