"Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін" жүзеге асыру мақсатындағы апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес 7 а, б сыныптарында "Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер" тақырыбында онлайн зияткерлік сайысы өтті. Сайысты 7 б сынып жетекшісі Г.Нариманова жүргізді. Сайыс барысында оқушылар ҚР Рәміздерінің тарихына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.Рәміздер тақырыбына орай көркемсөз оқып, жазған эсселерімен бөлісті. Сайыс қорытындысы бойынша 7 а және 7 б сыныбы командалары тең түсті. Ойынға белсенді қатынасқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз!