Ана деген - құдіретті ұғым, құдіретті күші бар сөз. Кім де болса ана деген киелі сөздің алдында кішірейеді. Небір мықтылығымен әлемді аузына қаратқан билеушілер де ананың алдында тізе бүккен. Ананың аяулы алақаны мен мейірімді жүрегіне тең келер ештеңе жоқ. Ана тақырыбы, қыз бала тағдыры қазақ әдебиетінде талай жазушылардың шығармаларына арқау болды. Әр кезеңде ана образдарын жасады.

"Дәстүр мен ғұрып" арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында қыз балаларға арналған апталық аясында "Аңыз ана" онлайн сынып сағаты өтті. Шараға мектепішілік #Парасаттылық мектебі мүшелері қатынасты. #Адалдық алаңы. #Үлкенге құрмет...

Онлайн шараның мақсаты - қазақ жазушыларының ана тақырыбында жазылған шығармаларымен таныстыру, анаға деген сүйіспеншілікті арттыру, үлкенді құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Мектеп кітапханашасы З.Азербаева оқушыларға ана тақырыбын, қыз бала тағдырын жазған жазушылардың, атап айтқанда, Ғ.Мүсіреповтың, С.Торайғыровтың, Ж.Аймауытовтың туындыларын таныстырып, оқушылардың пікірін білді.