23 қазан күні қыз баланың ұлт келбеті, көркі екенін бойына сіңіре отырып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз тәрбиелеу мақсатында "Қыз бала тәрбиесі - халықтың ең қымбат байлығы" тақырыбында онлайн сырласу сағаты өткізілді. Сырласу сағатына ардагер ұстаз, ардақты ана Зинаида Кашкынова, "Аналар мектебі" кеңесінің төрағасы Нұргүл Габбасова және де мектебіміздің аналары, 8-11 сынып арасындағы қыз балалары қатынасты. Аналар өздерінің өмірлік тәжірибесін, ұлт тәрбиесі қыз баладан бастау алатынын айтып өз пікірлерін білдірді.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/343-yz-bala-t-rbiesi-khaly-ty-e-ymbat-bajly-y.html#sigFreeIdc0c03bb463