Қазан айының 16 жұлдызында мектебімізде аталған тақырыпта кездесу өтті. Шараға Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Мусиева Сания Тулегеновна және Бақтығали Мейрамгүл қатысып мектеп ұжымына тәжірибесі мен ақыл кеңестерімен бөлісіп сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында мектеп психологы Демеуова Айгерім Кенжеғалиқызы "Психика және Сана" тақырыбында баяндама оқыды.