Аталмыш жиынның күн тәртібіндегі І мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайырлы Нарынбайұлы сөз алып «Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында баяндама оқып, кейін ата-аналар баяндама тақырыбы төңірегінде пікірлермен жалғастырды.
ІІ мәселе мектептегі әкелер кеңесінің төрағасын және мүшелерін сайлау болатын. Әкелер кеңесінің төрағасы ретінде "Индер Мәдениет" КҚМК директоры Нсанов Серік Қартмамбетұлы. Мүшелері Өнер мектебінің мұғалімі Каримов Ерболат Нарынбайұлы, екінші мүшесін уақыттың шектеулігіне байланысты уатсап чатта талқылау арқылы сайлау ұсынылды.
ІІІ мәселе бойынша Әкелерге арналған тренингті мектеп психологы Демеуова Айгерім Кенжеғалиқызы ұйымдастырды. Жиын соңында әкелерімізге "Менің әкем" тақырыбындағы балалар көзімен салынған суреттер мен жазылған пікірлер таныстырылды.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/335-keler-zhinalysy-tti-2.html#sigFreeId689244bc6f