ЖЫЛ МЕКТЕБІ атандық...
Бүгінгі өткен жылдағы дәстүрге сай, мүғалімдер үшін мереке болып саналатын, жылдың қорытындыланатын сәті аудандық ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ үздіктер марапатталды. Қорытынды бойынша мектебіміз ең үлкен марапат "Жыл мектебі-2020" номинациясының І орын иегері атанды. Бұл әрине мектеп директоры Гүлзада Мәжитқызы бастаған әрбір ұжым мүшелерінің толағай еңбектерінің арқасы. Ауданға қарасты 15 мектеп ішінде үздік болу біз үшін мақтаныш әрі мәртебе. Сонымен қатар кеңес барысында математика пәні мұғалімі Мамаева Ақбөбек Төлешқызы Білім және Ғылым министрі А.Аймағанбетовтың Құрмет Грамотасымен, бастауыш сынып мұғалімі Ділмұқашева Бейнұр Самихқызы облыстық маслихаттың Алғыс хатымен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз, біз сіздермен мақтанамыз...
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/326-zhyl-mektebi-2020.html#sigFreeId7198a447a0