«Отан – менің өзімде» жобасы аясында «Көктем» қазақ орта мектебінің жоғарғы сынып қыз балаларының қатысуымен "Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында орталық аурухана дәрігері Ж.Есқалиева Абиловнамен, акушер-гинеколог маманы С.Жанұзақбаеваның қатысуымен тренинг-сабақ, кеңес өтті. Сонымен қатар кездесу барысында дұрыс тамақтану, тазалық, жеке бас гигиенасы мәселелері қозғалды.