11-ші желтоқсан, мектебімізде Тәуелсіздік күніне арналған Республикалық Бірыңғай "ЖасҰлан" балалар мен жасөспірәмдер ұйымы қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған "Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз!" атты салтанатты жиын өтті. 

Жиын барысында 5 және 3 сыныптар бойынша 50 оқушы, яғни жас ұландарымыз ант қабылдап ұйым қатарына өтті. Ұйым қатарына қабылданып отырған ЖасҰландықтарға Тәуелсіз еліміздің жарқын бастамалары жолындағы жарқын істерімен таныла береді деп сенім артып, ақ жол тіледік...