23 қараша - Жалпыадамзаттық құндылықтар күні аясында оқушыларға жанұялық құндылықтарды және өз отбасының жетістіктерін жариялау мақсатында "Балалықтың бал шағы" атты байқау, "Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті, ақиқат - оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы өмірі" тақырыбында шаттық шеңберлері, тренингтер, "Жалпыадамзаттық құндылықтар - тұлғаны рухани - адамгершілік тәрбиелеудің негізі" тақырыбында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің, бастауыш сынып пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен адами құндылықтарды дамыту, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау мақсатында шеберлік сабақтары, "Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі" тақырыбында 1-11 сыныптарда жалпы ата-аналарға арналған семинар, дөңгелек үстел,бетпе-бет форматында іс-шаралар өткізілді.