Бүгін, яғни 21 қараша күні Мәдениет үйінде Индер аудандық Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Дендер» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар - сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында аудандық көрініс байқауы өтті. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен шараға аудан бойынша 6 мектеп (Махамбет, Жамбыл, Аққала, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Көктем) және колледж командасы, барлығы 7 команда өзара бақ сынасты. 
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды "Көктем" қазақ орта мектебі (100 000 тг), ІІ орынды Жамбыл орта мектебі (70 000 тг), ІІІ орынды М.Әуезов атындағы орта мектебі иеленді.