2019 жылдың 25 қазан күні мектебімізде "Отбасы-тәрбие басы, мектеп-оның жаршысы" атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 1-11 сыныптар бойынша әртүрлі тақырыпта сынып сағаттары, фото, сурет көрмелері, коучинг, кездесулер өткізді. Сынып сағаттарына барлық оқушылар, мұғалімдер, зейнеткер ұстаздар, ата-аналар белсене қатысты.