25-ші қазан күні мектебіміздегі кезекті ашық есік күніне ата-аналар белсене қатысты. Ашық есік күнінде мектеп директоры Кусайнова Гүлзада Мәжитқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есқалиева Ақтолқын Бағытжанқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гильманов Қайырлы Нарынбайұлы және мектеп психологы Демеуова Айгерім Кенжеғалиқызы ата-аналардың өздерін толғандырған мәселелері, сұрақтары бойынша жауап берді.

Ата-аналар тарапынан көтерілген мәселелердің бірі БОЛАШАҚ мөлтек ауданан қатынап оқитын балалар үшін автобус ұйымдастырылу мәселесі. Ата-аналарға бұл мәселе басшылыққа жеткізілетіндігі жөнінде жауап берілді.