Аталған тақырыпта мектебімізде бастауыш сынып Ата-аналарының қолдауымен жәрмеңке ұйымдастырылып, оқушылар күзгі дәнді дақылдардан жасалған тағамдарын таныстырып, сатылымға шығарды.
Шарада Ата-аналар мен бастауыш сынып оқушылары сатушы қызметінде, жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер сатып алушы қызметінде болды.
Украиндық педагог В.А.Сухомлинский кезінде «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» деп жазған. Дәл солай! Бүгінгі күні осы ұстанымға орай әр мұғалім ата-аналармен жағымды қатынас орнатып, оларды өзінің негізгі одақтасына, көмекшісіне айналдырудың арқасында үлкен шараға мұрындық бола білді!
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/228-merekemen-t-spa-t-s-kelgen-marapat-6.html#sigFreeId3f93eff3aa